Сән апталығында балалар қазақстандық және шетелдік дизайнерлердің киім үлгілерін көрсетті. Ең кішкентай модельдің жасы небәрі 4-те, жобаға барлығы 50-ге жуық бала қатысты. Олардың арасында Дауна синдромына шалдыққан 11 жастағы Настя Федорова да бар.
Junior fashion week жобасының бас продюсері Жанна Жанатқызының айтуынша, бұл сән байқауы емес, жобаның мақсаты жұмыла жұмыс істеуге, сахнада өз-өзін көрсете білуге, дұрыс жүруге үйретеді.