«ҚазМУ» кіші стансасы Азиаданың маңызды энергонысандарының бірі болып табылады - Премьер-Министрдің Алматыға сапары

АЛМАТЫ. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елена Ильинская/ - «ҚазМУ» кіші стансасы 2011 жылғы Азиада ойындарының маңызды энергонысандарының бірі болып табылады. Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Алматы қаласына жасаған бүгінгі жұмыс сапарының аясында осы нысанда болды.

Кіші стансаны «Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамы Алматының энергетикалық кешенін дамыту мен жаңартудың 2015 жылға дейінгі бағдарламасының аясында іске қосқан. Жабық типтегі кіші станса болып табылатын ол нысан қаланың оңтүстік бөлігінің тұтынушылары мен 2011 жылы өтетін Азиаданың нысаны - шаңғы трамплині кешенін электр қуатымен қамтамасыз етуге арналған. Стансаның құрылысы өткен жылдың соңында басталған болатын, бүгінде барлық жұмыстар мерзімінде аяқталып отыр.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың қараша айында тағы осындай екі кіші стансасы пайдалануға берілді. «Медеу» кешенін және «Шымбұлақ» шаңғы базасын электр қуатымен жабдықтауға арналған ол екі станса да Азиада ойындарының лайықты деңгейде өтуіне өз үлесін қосатын болады.