Қазақстан Республикасы Индустриалдық-инновациялық үдемелі мемлекеттік бағдарламасына сай және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы №1100 Қаулысы негізінде «ҚазМұнайГаз» интеграциялық басқару жүйесін өзінің еншілес және тәуелді ұйымдарында халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес дамытып, қолдау көрсетіп келеді.
2011 жылдың 31 желтоқсанына дейін «ҚазМұнайГаздың» 8 еншілес ұйымы (оның ішінде «ҚМГ«Барлау Өндіру» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «ҚазМұнайТеңіз» АҚ, «Қайта өңдеу және маркетинг «ҚМГ» АҚ, «Казмортрансфлот» АҚ, «КазахойлАктөбе» ЖШС, «Қазақ мұнай және газ институты» ЖШС, «Теңіз-Сервис» ЖШС) үш стандарт бойынша (ISO 9001, ISO 14001 и OHSAS 18001) сертификатталды. Бес ұйым («ЕвроАзияЭйр» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ, «ҚазРосГаз» АҚ, ҚБТУ АҚ, «ҚМГ-Сервис» ЖШС) - ИСО 9001 стандарты бойынша сертификатқа ие болды.
Ұсынылған есепке сәйкес еншілес ұйымдардың көпшілігінде менеджмент жүйесін халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес енгізу процестерді және олардың байланыстарын жақсартуға, процесс бойынша жауапкершілікті бөлісуге мүмкіндік берді.
2011 жылы «Семсер-security» ЖШС OHSAS 18001 талаптары негізінде денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жүйенің таралу аймағын кеңейтті.
2012 жылы сәуір айында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-нда кезекті ресертификациялық аудит табысты өтті. Ол «ҚазМұнайГаздың» интеграциялық басқару жүйесін бекіте түсті. Ұйымдарды тексеру қорытындысы бойынша сәйкестік сертификатын тағы да үш жылға беру туралы шешім қабылданды.
Интеграциялық басқару жүйесін оқыту бойынша жүйе енгізілген алты жылда ҚМГ- нің 200-дей қызметкері білімін жетілдірді. Үстіміздегі жылдың 21-22 мамыр күндері өткен жылғыдай «ҚазМұнайГаз» «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорымен бірлесе отырып еншілес компаниялар мен тәуелді ұйымдар үшін менеджменттің интеграцияланған жүйесін жетілдіру тақырыбына семинар-кеңес өткізді. Оған сертификат жөніндегі түрлі органдардың, Индустрия және жаңа технология министрлігі техникалық үйлестіру жөніндегі комитетінің, консалтингтік ұйымдардың өкілдері шақырылды.
Өткізілген шара «дөңгелек үстелге» қатысушылар тарапынан жоғары бағаланды. Өйткені, онда менеджемент жүйесін дамыту мәселелерінің проблемалары ғана емес, сондай-ақ энергияны үнемдеу бойынша заңдылықтардың (ИСО 50001) өзгерістері тұрғысындағы жүйені жетілдірудің жаңа бағыттары да қарастырылды, ИСО 19001 талабының жаңа нұсқасы қабылдануына байланысты аудит процесін жақсартудың жолдары талқыланды.