Аталған келісімге 2011 жылғы 15 шілдеде қол қойылған болатын. Мәміле андеррайтерлері - Bank of Tokyo-Mitsubishi UFJ Ltd., ING Bank N.V., Natixis және The Royal Bank of Scotland plc. ҚМГ мен андеррайтерлер әзірлеген маркетингтік стратегия мәмілеге барлығын қосқанда 9 банк тартуға және мәмілені табысты жабуға мүмкіндік берді. Оның шарттары Қазақстанның корпоративтік займшылары арасында барлық жағынан рекордты болып табылады. «Ситибанк Қазақстан» АҚ, SumitomoMitsuiBankingCorporation және UniCreditBank Austria AG мәмілеге мандатталған жетекші ұйымдастырушылар ретінде қатысты. Синдикаттау үдерісі маусымда мына банктердің қатысуымен жүргізілді: Bank of America Merrill Lynch, Siemens Bank GmbH, IntesaSanpaoloS.p.A, Mega International Commercial Bank, UBS және Export Import Bank of the Republic of China.
Заем қамтамасыз етілмеген болып табылады, өтеу мерзімі - 5 жыл, пайыздық ставкасы - Libor + 2,1%.
Тартылған қаражат жалпы корпоративтік мақсаттарға, соның ішінде қолда бар берешекті өтеуге жұмсалады. Бұл заем 2008 жылдан бергі ҚМГ-нің бірінші синдикатталған кредиті болып табылады. Ол қазақстандық корпоративтік қарыз алу нарығы үшін жаңа баға өлшемдерін белгілейді. Ал бұл инвесторлардың қазақстандық компаниялармен жұмыс істеуге дайын екендігін көрсетеді және халықаралық қаржы қауымдастығының ҚМГ менеджментін жоғары бағалағанын дәлелдейді.