ҚазМұнайГаз акцияларын ІРО-ға шығаруға жол ашатын қаулы шықты

Фото: Фото: kmginternational.com
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазМұнайгаз» компаниясы акцияларын халықтық ІРО-ға шығаруға жол ашатын Үкімет қаулысы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы заңнамада белгіленген тәртіппен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының орналастырылған акцияларының жалпы санының 15,42 пайызынан аспайтын, компанияның 94 109 125 (тоқсан төрт миллион бір жүз тоғыз мың бір жүз жиырма бес) жай акциясын қордың жалғыз акционерінің шешімімен бекітілетін қордың директорлар кеңесінің шешімімен айқындалатын баға, сан және құрылым бойынша иеліктен шығарсын» делінеді ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қол қойған қаулыда.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Айта кетерлігі, таяуда «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев қор «ҚазМұнайГаздың» 30 505 974 жай акциясын сатуға ниетті екенін айтқан еді.

Бұл ретте бір жай акцияның бағасы шамамен 8 406 теңге болмақ.

Фото: kmginternational.com