АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚМГ акциялары жаңа тарихи шарықтау шегіне жетті, бір акция құны – 11 200 теңге, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Самұрық-Қазынаның» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
IPO басталғалы ҚМГ акциялары 33,2% өсті.
Егер дивидендтерді де қоссақ (бір акцияға - 492 теңге), онда инвестициядан түскен жалпы өсім - 39% деген сөз.
Бұл ретте мұнай бағасы Brent маркалы мұнайдың барреліне 88 долларға дейін көтерілді.
Оның себебі - Сауд Арабиясының мұнай экспортына шектеуді ұзартуы және ресейлік мұнай экспортын тәулігіне 300 мың баррельге қосымша қысқартуы.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.