ҚазМұнайГаз Ақтау қаласында қайырымдылық марафон өткізді

Фото: Фото: ҚМГ АҚ

АҚТАУ. KAZINFORM – «Munaily Marathon» шарасына еліміздің тоғыз өңірінен 1000-нан астам қатысушы жиналды. Олардың ішінде «Самұрық-Қазына», ҚазМұнайГаз және оның еншілес компанияларының қызметкерлері, кәсіби спортшылар мен Маңғыстау өңірінің тұрғындары бар.

Қатысушылар 5 және 10 км қашықтықты еңсерді. Қайырымдылық марафоны еліміздің тарихындағы маңызды меже — Қазақстан мұнайының 125 жылдығына арналған. 

Фото: ҚМГ АҚ

Барлық жиналған қаражат Түпқараған және Қарақия аудандары мен Жаңаөзен қаласындағы үш тірек мектептің спорт залдарын қосымша жарақтандыруға жұмсалады. Бұл балалардың физикалық дамуына жағдай жасауға және жас ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеуге мүмкіндік береді. 

Фото: ҚМГ АҚ

ҚМГ басшысы Асхат Хасенов қайырымдылық марафонның қатысушыларына алғысын білдіріп, «Munaily Marathon» спортты насихаттаумен бірге, қайырымдылық және қоғамдық жобаларды қолдау арқылы игі іске әрбір адамның өз үлесін қосуына мүмкіндік беретінін атап өтті. 

Фото: ҚМГ АҚ

ҚазМұнайГаз бұқаралық спортты қолдап, қайырымдылық бастамаларға үнемі қатысып келеді.

Сонымен қатар Ұлттық компания өз кәсіпорындары орналасқан өңірлерде әлеуметтік жобаларды белсенді түрде іске асырып жатыр.