«2013 жылғы 142 млрд. теңге (932 млн. АҚШ доллары) таза пайдамен салыстырғанда, 2014 жылы таза пайда 47 млрд. теңгені (263 млн. АҚШ доллары) құрады, бұл 2014 жылдың бірінші тоқсанында бағам айырмашылығымен жартылай теңгерілген 2014 жылдың 4 тоқсанындағы айтарлықтай құнсыздануға байланысты. Компания шетелдік операцияларды қайта есептегенде бағам айырмашылығынан 53 млрд. теңге (296 млн. АҚШ доллары) кіріс көрді. Осылайша, кезеңдегі кіріс салықты алып тастағанда 100 млрд. теңгені (559 млн. АҚШ долларын) құрады», делінген хабарламада. 2014 жылдың 4 тоқсанында Компания 195 млрд. теңге (1 094 млн. АҚШ доллары) көлемінде таза шығын көрген. Бұл негізінен «Өзенмұнайгаз» АҚ активтерінің 228 млрд. теңгеге (1 274 млн. АҚШ доллары) құнсыздануына қатысты шығындар мен мұнай бағасының төмендеуіне байланысты.
15:11, 03 Наурыз 2015
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» 2014 жылы 47 млрд. теңге таза пайда тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ 2014 жылға арналған топтастырылған қаржылық есепті жариялады.