Онда «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-да осы жылғы наурыздың 26-сында акционерлердің кезектен тыс жиналысында ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің бұрынғы құрамының өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты жаңа құрамы сайланғаны айтылған.
Акционерлердің кезектен тыс жиналысында ҚМГ БӨ Директорлар кеңесі құрамына мыналар кірді:
- Асқар Балжанов - ҚМГ ҰК барлау және өндіру бойынша басқарушы директоры;
- Төлеген Бозжанов - ҚМГ ҰК корпоративтік орталығының басқарушы директоры;
- Ержан Жанғауылов - ҚМГ ҰК құқықтық қамтамасыз ету бойынша бас менеджері;
- Кенжебек Ибрашев - ҚМГ БӨ бас директоры (басқарма төрағасы);
- Әсия Сырғабекова - ҚМГ ҮК қаржы директоры;
- Пол Мандука -ҚМГ БӨ тәуелсіз директоры;
- Эдвард Уолш - ҚМГ БӨ тәуелсіз директоры.
Сондай-ақ директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі 3 жыл болып белгіленді.