ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі 2015 жылғы 13 сәуірде аяқталады.
2015 жылғы 21 қаңтардағы жағдай бойынша ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің құрамы:
Кристофер Хопкинсон - ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің төрағасы және ҚМГ Ұлттық компаниясының басқарма төрағасының орынбасары;
Абат Нұрсейітов - бас директор, ҚМГ БӨ басқармасының төрағасы;
Тимур Бимағамбетов - ҚМГ ҰК теңіз және жекелеген мұнай сервистері жобалары бойынша басқарма төрағасының орынбасары;
Әсия Сырғабекова - ҚМГ ҰК инвестициялар мен тәуекелдерді басқару жөніндгі басқарушы директор;
Ержан Жанғауылов - ҚМГ ҰК құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директор;
Филипп Дэйер - тәуелсіз директор;
Эдвард Уолш - тәуелсіз директор;
Аластэр Фергюсон - тәуелсіз директор.
2015 жылғы 21 қаңтардағы жағдай бойынша ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің тағайындау комитетінің құрамы :
Кристофер Хопкинсон - тағайындау комитетінің төрағасы;
Эдвард Уолш - тағайындау комитетінің мүшесі;
Филипп Дэйер - тағайындау комитетінің мүшесі.
К. Хопкинсон мұнай-газ саласында 1980 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. ҚМГ ҰК-да жұмыс істегенге дейін ол International Petroleum компаниясының бас директоры, Imperial Energy компаниясының бас директоры және BG тобының солтүстік-африкалық активтері бойынша бірінші вице-президенті лауазымдарын атқарған. Бұдан бұрын өз мансабы жолында ол Shell және TNK-BP компанияларында түрлі салада жұмыс істеген. Хопкинсон Сент-Эндрюсск университетінде (физика) білім алған.