Компания өткен жылдың ұқсас кезеңін керісінше 75,218 млрд теңге мөлшерінде таза табыспен қорытындылаған болатын. Бұл туралы Халықаралық қаржылық есеп стандартының шоғырландырылған есебінде хабарланған.
ҚМГ БӨ шығынға батуын құнсыздануға кеткен қосымша шығыстармен, бірлескен және қауымдастырылған кәсіпорындар кірістерінің төмендегенімен, өндірістік шығыстардың артқанымен түсіндіріп отыр. Компанияның қаңтар-мамыр айларындағы түсімі 202 млрд. теңгені құрады, бұл 2012 жылдың ұқсас кезеңіндегіден 2%-ға көп. Бұл мұнай бағасының төмендеуімен байланысты. 2013 жылдың алғашқы үш айында ҚМГ БӨ өндіру көлемі 3,002 млн тонна мұнайды құрады, бұл 2012 жылдың дәл осындай кезеңіндегіден 1%-ға аз.