Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ баспасөз қызметінен мәлім болды.
ҚМГ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев ұзақ жылғы қажырлы еңбегі мен компанияның дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Д.Хасановқа алғыс білдірді. Д.Хасанов ҚМГ-да түрлі басшылық қызметтер атқарды. ҚМГ Басқарма төрағасының орынбасары ретінде мұнай барлау және өндіру блогына жетекшілік етті.
Нұрсейіт Союнов «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, сондай-ақ оған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ақтау қаласындағы өкілдігі директорының міндеттері қоса жүктелді. Бұған дейін Н.Союнов «Қаражанбасмұнай» АҚ Бас директоры қызметін атқарған. Әр жылдары «Өзенмұнайгаз» АҚ, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ, «Өзенмұнайсервис» ЖШС, «Урал Ойл энд Газ» ЖШС мекемелерінде басшылық қызметтер атқарған. Еңбек жолын 2001 жылы «Өзенмұнайгаз» АҚ оператор болып бастаған.