бұл 2011 жылмен салыстырғанда 150 мың тоннаға, немесе 1 пайызға кем, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.
«Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) 4 950 мың тонна (тәулігіне 100 мың баррель) мұнай өндірді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 131 мың тоннаға аз. «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) 2 816 мың тонна (тәулігіне 57 мың баррель) өндірді, бұл 2011 жылмен салыстырғанда еш өзгеріссіз. ӨМГ және ЕМГ жалпы өндіру көлемі 7 766 мың тоннаны құрады (тәулігіне 156 мың баррель).
ҚМГ БӨ-нің CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларындағы өндіру үлесі 2012 жылы 4 425 мың тоннаны (тәулігіне 90 мың баррель) құрады, бұл 2011 жылмен салыстырғанда еш өзгеріссіз, аталған бірлескен кәсіпорындардағы өндіру жоспарына сәйкес келеді.
2012 жылы ӨМГ және ЕМГ мұнайын сатудың экспорттық көлемі 6 091 мың (тәулігіне 122 мың баррель), ал ішкі нарыққа жеткізілімдер 1 646 мың тоннаға (тәулігіне 33 мың баррель) жетті. CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларындағы сатуда ҚМГ БӨ үлесі компанияның жалпы сату көлемінің 78%-ын құрайтын, экспортқа қойылған 3 428 мың тонна мұнайды (тәулігіне 71 мың баррель) қоса есептегенде, 4 410 мың тоннаны (тәулігіне 92 мың баррель) құрады.