Айта кетейік, әлеуметтік желілерде және кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында «ҚазМұнайГаз» түріктің «Галатасарай» футбол клубымен келісімге келді деген ақпарат тарады.
Онда келісімшарт құны - 7,5 млн доллар, ал оның мерзімі 5 жылға созылатыны көрсетілген.
Алайда акционерлік қоғам бұл мәліметке сенбеуге шақырады.
«Әлеуметтік желілерде тараған «ҚМГ Ыстанбұлдың «Галатасарай» футбол клубымен келісімшартқа отырды» деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейміз» делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Еске сала кетейік, мұның алдында «Эйр Астана» әуе компаниясы да түріктің Бешикташ (Beşiktaş) футбол клубына демеушілік көмек ұсынбағанын айтып, желідегі ақпаратты теріске шығарып еді.