«ҚазМұнайГаз» «Галатасарай» футбол клубын қаржыландырмайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» АҚ түріктің «Галатасарай» футбол клубын қаржыландыратыны туралы мәліметті жоққа шығарады, деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

«Бірқатар қазақстандық БАҚ-та түріктің «Fanatik» журналына сілтеме жасап, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ түріктің «Галатасарай» футбол клубына демеушілік көрсету мүмкіндігі туралы хабарлама пайда болды. ҚМГ бұл хабарлама шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді. ҚМГ аталған футбол клубымен келіссөздер жүргізген жоқ», - делінген баспасөз баянында.