Оның атауы 422 рет жазылған, бұл көрсеткіш наурызда 345 болған еді. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қорының ресми сайтында хабарланды.
Рейтингтегі екінші орынды - «БТА» акционерлік қоғамы алып отыр. Сәуір айында ол 218 рет еске алынған, ал наурызда материалдарда 316 рет көрініс тапқан. Сонымен қатар тізімге «Қазақтелеком» АҚ (5-орын), «Альянс Банк» АҚ (6-орын) және «Темірбанк» АҚ (7-орын) ілінді.
ҚМГ «Халықтық IPO» бағдарламасы аясында акцияларын орналастыру жоспарланып отырған мемлекеттік компаниялар тізіміне кіреді.
13:52, 17 Мамыр 2013
«ҚазМұнайГаз» интернет БАҚ-та жиі айтылатын компания деп танылды
АСТАНА. 17 мамыр. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» АҚ (ҚМГ) 2013 жылдың сәуір айында интернет бұқаралық ақпарат құралдарында жиі айтылатын компаниялардың ішінде бірінші орын алды.