«ҚазМұнайГаз - қайта өңдеу және маркетинг» АҚ басшылығы ауысты

АСТАНА. 6 тамыз. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің 2013 жылғы 2 тамыздағы шешімімен «ҚазМұнайГаз - қайта өңдеу және маркетинг» АҚ Бас директоры болып Данияр Тиесов тағайындалды, деп хабарланды АҚ-ның баспасөз қызметінен.

«Данияр Тиесов «ҚазМұнайГаз» компаниялары тобының ең мықты кәсіби мамандарының бірі болып табылады. Жаңа басшы компанияның дамуына оң қарқын береді деп сенемін, соның нәтижесінде «ҚазМұнайГаз - қайта өңдеу және маркетинг» АҚ бұдан да біршама жоғары сапалы деңгейге көтеріледі деп сенемін», - деп атап өтті «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының Корпоративтік даму жөніндегі бірінші орынбасары Д. Берлібаев.

Д.Тиесов осы қызметке тағайындалғанға дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да Басқарма төрағасының қайта өңдеу және мұнай-химия орынбасарының қызметін атқарды.