ҚазМұнайГаз: «ҚазТрансОйл» мен «ҚазТрансГаз» біріктірілмейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазТрансОйл» АҚ-ы мен «ҚазТрансГаз» АҚ-ы біріктірілмейді. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ осындай ресми мәлімдеме жасады.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-на бұқаралық ақпарат құралдары мен акционерлерден келіп түскен ҚМГ компаниялар тобының екі еншілес кәсіпорны «ҚазТрансОйл» АҚ пен «ҚазТрансГаз» АҚ-тың біріктірілу мүмкіндігі туралы сұрауларға байланысты ҚМГ мұндай біріктірудің экономикалық тұрғыдан орынсыз екенін ресми түрде мәлімдейді», делінген баспасөз хабарламасында.