Аталған көрсеткіш 2010 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 0,5 пайызға кем. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарланды.
«Есепті кезеңде табиғи газ өндіру 1,4 млн. тоннаны құрады, бұл өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 2 пайызға артық. Магистральды мұнай құбырлары арқылы мұнай тасымалдау көлемі 33,7 млн. тоннаға жетіп отыр. Аталған көрсеткіш өткен жылдың осы мерзіміндегі көрсеткіштен 3 пайыз артық. Сонымен қатар, 2011 жылдың бірінші жартысында теңіз арқылы мұнай тасымалдау көлемі 24 пайызға артып, 4,2 млн. тоннаны құрады», - делінген баспасөз айғағында.
Бұдан бөлек, мәліметтерге қарағанда, жыл басынан бері газ тасымалдау көлемі 54,3 млрд.текше метрді құраған. Ал 2011 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша, шоғырландырылған мұнай өңдеу көлемі (The Rompetrol Group-ты қоса есептегенде) 7,4 млн. тоннаны құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 5 пайызға кем. Сонымен қатар, 2011 жылдың бірінші жартысында еліміздегі үш мұнай өңдеу зауытында шоғырландырылған мұнай өңдеу көлемі 5,3 млн. тонна шамасында болды.