АҚТАУ. KAZINFORM – Ұлттық компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Маңғыстау облысындағы «Мұнайспецснаб компания» ЖШС қызметкерлерінің ереуілі аяқталған. Жұмыс беруші мен еңбек ұжымы келіспеушілікті шешті.
- 2025 жылғы 29 қазандағы жағдай бойынша «Мұнайспецснабкомпани» мекемесіндегі жағдай реттелді. Кәсіпорынның жұмысы толық қалпына келтірілді. Еңбек ұжымы өз жұмыс орындарына оралды, - делінген хабарламада.
Ұлттық компанияның мәліметіне сүйенсек, талаптар тікелей «Мұнайспецснабкомпани» ЖШС басшылығына жолданған. Компания басшылығы мен қызметкерлер арасындағы келіссөздер нәтижесінде, келіспеушіліктерді шешу туралы келісімге келген.
Айта кетейік, «Мұнайспецснабкомпани» ЖШС «ӨзенМұнайСервис» ЖШС-не көлік қызметін көрсетеді.
Бұған дейін Ақтауда тұрғын үй жертөлесінде жарылыс болып, 5 адам зардап шеккен болатын.
Бүгін Ақтаудағы жарылысқа қатысты болжам айтылды.
Аягөз Ізбасарова
Ізбасарова Аягөз Оралбайқызы телевизия саласында 2003 жылдан бері жұмыс істейді. Еңбек жолын «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы «Қазақстан-Ақтау» телеарнасында жүргізуші-редакторлықтан бастап, редактор, шеф-редактор қызметтерін атқарды. Соңғы 7 жылдан бері «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстаудағы меншікті тілшісі. Ақпарат саласының үздігі. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде 2024 жылғы мамырдан бастап қызмет етеді.