«Самұрық-Қазына» АҚ бес еншілес ұйымында жүргізілген корпоративтік басқаруға тәуелсіз диагностика нәтижелері бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ корпоративтік басқару деңгейі 2013 жылы 71,7 % құрады. Бұл баға олардың сапалық мәндері ескеріліп: «Құрылым», «Процестер», «Ашықтық» (құрылым - 69,2%, процестер - 64,9%, ашықтық - 80,5%) деген үш құрамдас бөліктің өзара іс-қимылы есебінен алынды», - делінеді хабарламада.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ корпоративтік басқару диагностикасын «Pricewaterhouse Coopers ЖШС «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында корпоративтік басқаруға диагностика жүргізу әдістемесіне сәйкес осы жылдың маусымынан бастап қыркүйегін қоса алғандағы кезеңге жүргізді. «Pricewaterhouse Coopers» ЖШС мамандары 2012 жылғы және 2013 жылдың бірінші жартыжылдығындағы оқиғаларды зерттеді, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің, Басқармасының мүшелерімен және тиісті құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен 20 сұхбат жүргізілді, 950 құжат қаралған.