2016 жылғы 1 маусымда АИ92/95 маркалы бензиндердің бағасын көтеру және ұстап тұру жөніндегі бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимылдарды жасауда байқалған «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 159-бабының 2-бөлігін бұзу фактілері бойынша әкімшілік жауапкершілікке «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС тартылғандығы туралы Астана қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысы заңды күшіне енді.
Бұның алдында «Гелиос» ЖШС және «Sinooil» ЖШС осыған ұқсас бұзушылықтары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олар 94 млн. теңгеден астам айыппұл төледі.
«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС төлейтін сома 88 млн. теңгеден асады.