«ҚазМұнайГаз» өткен жылы акционерлеріне рекордық сомада дивиденд төледі

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазМұнайГаз» өткен жылы акционерлеріне рекордық сомада дивиденд төледі. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Диана Арысова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2023 жылдың бірінші жартыжылдығында компанияның нәтижелері барынша тұрақты болды. Дегенмен, макроэкономикалық көрсеткіштер компанияның қаржылық көрсеткіштеріне ықпал етті. Өткен жылы компания мұнайдың KEBCO жаңа маркасын енгізді. Ол Қазақстанда өндірілген мұнайды әлемдегі геосаяси ахуалға байланысты дисконтпен саудаланып жатқан Urals маркасына қарағанда біршама жоғары бағада саудалауға мүмкіндік береді. 2023 жылдың 6 айында Қазақстан теңгесінің орташа бағамы 1 долларға шаққанда 451,8 теңге болды. Brent маркалы мұнайдың 1 баррелі 79,66 доллар, ал KEBCO 77 және 74 доллар орташа бағамен саудаланды», - деді Диана Арысова.

Оның атап өтуінше, бірінші жартыжылдықта компания сомасы 500 млн доллар болатын еурооблигацияны толығымен мерзімінен бұрын өтеді.

Бұл еурооблигациян өтеу мерзімі 2005 жыл болатын. Сонымен қатар биыл «ҚазМұнайГаз» өте қолайлы шарттармен 50 млрд теңгеге облигация шығарды.

Түскен қаражат «Астрахан-Маңғышлақ» суағарын кеңейтуге жұмсалады. Аталған суағармен Ресейден Қазақстанға ауыз су жеткізіледі.

«2022 жылдың қорытындысында компания акционерлеріне рекордық сомада – 37 млрд теңге дивиденд бөледі. Бұл долларға шаққанда 667 млн-ға жуықтайды. Бұл өткен жылғы дивиденд көлемінен 50 пайызға көп. Бір қарапайым акцияға төленген дивиденд көлемі 491,71 теңгені құрады», - деді ол.