Техникалық-экономикалық негіздеме ҚМГ және ЭНИ компаниялары арасында 2009 жылдың 5 қарашасында қол қойылған «Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптік инфрақұрылым нысандарына инвестицияларды жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық пен өзара түсіністік туралы келісім» аясында жасалған. Жобаны бас директор Н.Балғымбаевтың басшылығымен «ҚМГ-нің салынатын кәсіпорындар дирекциясы» басқарады.
Жаңғырту жобасында шикі мұнай бойынша өңдеу тереңдігін 90 пайыз қамтамасыз ете отырып, зауыт қуатын жылына 7,5 млн. тонна мұнайға дейін жеткізу, сонымен қатар мұнай өнімдерін шығаруды арттыра отырып, оның сапасының «Еуро-5» стандартына сай болуын қамтамасыз ету көзделген.
Сонымен бірге 5 жаңа қондырғы салу жоспарланып отыр. Бүгінде жұмыс істеп тұрған 2 қондырғы қайта бейінделіп, 8 қондырғы қайтадан жаңартылатын болады. Сондай-ақ жалпы зауыт шаруашылығына қажетті нысандар салу жоспарланған.