«ҚазМұнайГаз» Сауда үйі республикада және одан тыс жерлерде жаңа жанармай құю бекеттерін ашады - Данияр Берлібаев

АЛМАТЫ. Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «ҚазМұнайГаз» Сауда үйі 2015 жылға дейін республикадағы жанармай құю бекеттерін 21-ден 60-қа дейін ұлғайтпақ.

Оны компаниның бас директоры Данияр Берлібаев бүгін Алматыда өтіп жатқан І "Мұнай өнімдері маркетингі" халықаралық конференциясында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚазМұнайГаз» Сауда үйінің стратегиялық мақсаттарындағы 1-ші басымдық ішкі нарықтың сұранысын қамтамасыз ету. Ондағы міндеттер: жанар-жағармай құю бекеті желісін дамытуда - жанар-жағармай құю бекеті желісін иелену. Жаңа жанар-жағармай құю бекетерін салу. Франчайзингті дамыту. Мұнай өнімдерін сату көлемін ұлғайтуда - мұнай өнімдері көлемін бөлшектеп және көтерме таратуды арттыру. Битум, авиакеросин және сұйытылған газдың дистрибуция желісін құруда - сақтау базасын және сауданы дамыту. Қызмет сапасын көтеруде - сапа стандартарын енгізу», дейді Бас директор Данияр Берлібаев. Оның айтуынша, Сауда үйі 2015 жылға дейін Испания, Молдова, Украина, Франция және тағы басқа да шет елдерде жаңа жанар-жағармай құю бекеттерін ашпақ. Мұнай өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру мен тұтыну балансының 2015 жылға дейінгі жоспары бойынша республикада тұтынудан өндірістің көлемі дизель отынында 2010 жылы, автобензинде 2013 жылы, авиакеросинде 2014 жылы жүзеге асады деп жоспарланып отыр.