«ҚазМұнайГаз» СКДЭБ құрылысы ерекше қорғалатын табиғи аумақта жүргізілуде деген ақпараттың шындыққа сай келмейтіндігін хабарлайды

АСТАНА. 18 тамыз. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Солтүстік- Каспий мұнайдың төгілуіне қарсы әрекет ету базасының құрылысы (СКДЭБ) ерекше қорғалған табиғи аумақта жүргізілуде деген ақпараттың шындыққа сай келмейтіндігін хабарлайды.

Бұдан бұрын, 2009 жылдың қаңтар айында хабарланғанындай, Атырау облысы әкімдігінің шешімімен барлық қызығушылық танытқан бақылау органдарының өкілдері және «ТеңізСервис» ЖШС-нің қатысуымен жұмыс тобы құрылған болатын. Осы жұмыс тобы қызметінің аясында Атырау облысы әкімдігі мен қоғамдық ұйымдар ұсынған СКДЭБ-ны орналастыруға байланысты балама жер учаскелерін зерттеу жүргізілді.

Жүргізілген зерттеулер барысында және Атырау облысының өкілетті мемлекеттік органдарымен келісе отырып, СКДЭБ-ны орналастыру үшін Дамба кентінің оңтүстігіне қарай 3,6 шақырым жердегі Примор арнасы таңдап алынды. Орал өзені сағасының ең осал аймағы Ақжайық табиғи резерватына бөлінген. Ал СКДЭБ-ны орналастыру үшін таңдалып алынған жер Орал өзенінің суды қорғау аймағынан (1000 метрден астам қашықтықта) оның күзетілетін және қорғалған аймағынан (Атырау облысы әкімдігінің 02.03.2011 ж. № 56 қаулысына сәйкес қорғалатын аймақтан 2000 метрден астам қашықтықта) және Ақжайық табиғи резерватынан тыс жерде орналасқан.

СКДЭБ құрылысының және оның әрі қарай жұмыс жасауының мақсаты өнеркәсіптік игеру және Қашаған кен орнын, Каспий теңізі Қазақстан секторының солтүстік бөлігіндегі басқа да мұнай-газ кен орындарын игеру кезінде мұнайдың төгілуіне шұғыл қарсы әрекет етті, экологиялық және метеорологиялық мониторингті қамтамасыз ету, жануарлар әлемін оңалту, сонымен қатар Каспийдің солтүстігіндегі, Орал өзені сағасындағы қамысты аймақты қорғау және Каспий теңізінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жалпы қоршаған ортаны қорғау болып табылады.

Сонымен қатар СКДЭБ жобасының қызығушылық танытқан барлық мемлекеттік органдармен келісілгендігін, ҚР Экологиялық кодексі бекіткен пайдалану режимінің барлық шектеулері ескерілген экологиялық және мемлекеттік сарапшылардың оң қорытындысын алғандығын атап өткен жөн.

Сондай-ақ СКДЭБ жобасы Примор арнасы және Орал өзені бойында үнемі кеме жүзуін, химиялық заттарды сақтау, мазутталған суды кәдеге жаратуға және тазалауға қатысқан кемелердің корпустарын тазалауды көздемейді, сол себепті жобаны іске асыру Солтүстік Каспий қорық аймағының биологиялық сан алуандығына зиянын тигізбейді.