Оны "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-ның басқарушы директоры Нұрлан Сауранбаев бүгін Алматыда өткен "Мемлекеттік тапсырыс-2010" акциясы аясында өткен алқалы басқосуда айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"ҚазМұнайГаз" тобына кіретін компанияларда тауар мен қызмет түрлерін сатып алудағы жасалған келісімдер көлемі 427 миллиард 667 миллион теңге болды. Оның 320 миллиарды немесе 75 пайызы қазақстандық үлес. Қазіргі таңда дейін төлем сомасы 225 миллиард теңгені құрап отыр", дейді Нұрлан Ермекұлы.
"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-ның басқарушы директорының айтуынша, сатып алынған тауар мен қызмет түрлерінің ширек бөлігі Алматы қаласының үлесіне тиеді. 427,6 миллиард теңгенің жалпы сатып алу келісімдерінің 180 миллиарды Алматы қаласы бойынша жасалды.