«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ баспасөз қызметінің мәлімдемесі

АСТАНА. 4 наурыз. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 26 ақпанында twitter.com және facebook.com әлеуметтік желілерінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның басшысы Ләззат Қиыновтың құрған аккаунттары пайда болды.

Осыған байланысты ҚМГ баспасөз қызметі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Л.Қиынов әлеуметтік желілерде жеке парақшасын тіркемегенін, ал оның атынан жарияланған ақпараттың «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ға және жеке оған еш қатысы жоқ екендігін мәлімдейді.