«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басшылығында кадрлық тағайындау болды

АСТАНА. 10 сәуір. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ басшылығында кадрлық тағайындау болды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқармасының шешімі негізінде және «ҚазмұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Ләззат Қиыновтың бұйрығымен мұнайгаз өңдеу және мұнай-химия жобаларын жүзеге асыру жөніндегі директор қызметіне Мұрат Жүнісбекұлы Мұсайбеков тағайындалды», - делінген хабарламада.