«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы сайланды

ТАНА. 21 шілде. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы сайланды,

деп хабарлады аталмыш компанияның баспасөз қызметінен.

«Самұрық-Қазына» ӘАҚ басқармасының шешімімен «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы 3 жылға өкілеттігі бар 6 мүше болып айқындалды. Сонымен кеңес құрамына «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының төрағасы Тимур Құлыбаев (жалғыз акционер мүдделерінің өкілі), Лэйн Питер (тәуелсіз директор), Куилаарс Фрэнк (тәуелсіз директор), «Самұрық-Қазына» АҚ-ның басқарушы директоры Данияр Әбілғазин (жалғыз акционер мүдделерінің өкілі), «Самұрық-Қазына» АҚ мұнай-газ активтерін басқару жөніндегі директоры Мәлік Сәлімгереев (жалғыз акционер мүдделерінің өкілі) және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Қайыргелді Қабылдин сайланды.