«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы болып Ләззат Қиынов тағайындалды

АСТАНА. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен келісілу бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының шешімімен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы Болат Ақшолақовтың өкілдігі тоқтатылды.

Басқарманың төрағасы және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның директорлар кеңесінің мүшесі болып Ләззат Қиынов тағайындалды.