Саммит жарияланған 5 аталым бойынша жеңімпаздарды анықтады. Олардың арасында «Үздік корпоративті сайт» аталымы бойынша «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы жеңімпаз болды.
Веб-сайттар дәрежелерін анықтауды Ratings ААҚО Қазақстандық тәуелсіз директорлар қауымдастығымен бірлесе жүргізген. «ҚазМұнайГаз» ҰК сайты еліміздің 500 компаниясы арасында ең жоғары ұпай жинады.
Компанияның жаңартылған корпоративті сайты (www.kmg.kz ) ағымдағы жылдың наурыз айында іске қосылған еді. Оны жасау барысында қолдану қолайлылығы, ақпараттылық пен ашықтық жағдайлары қарастырылды. Жаңа нұсқа компания дамуының 5 бағыт: барлау және табыс, мұнайды тасымалдау, газдың тасымалдануы мен маркетингі, мұнай өңдеу мен мұнай химиясы, сервистік жобаларды жүзеге асыру мен қазақстандық мазмұнды дамыту бойынша ұзартылған стратегияларын көрсетіп отырады.
Корпоративті сайттың жұмысы халықаралық ұстанымдар мен стандарттар және сай, рейтингтік агенттіктердің кеңестерімен «ҚМГ» ҰК қызметінің ашықтығы мен жариялылығын арттыруға бағытталған. Жекелей алғанда, сайтта корпоративті этика кодексі, тәуекелділікті басқару саясаты, Директорлар кеңесі комитеттерінің жағдайы, дивидендтік саясат, корпоративті оқиғалар кестесі, Директорлар кеңесі мен компания басқармасының мүшелері туралы кеңейтілген ақпараттар секілді компанияның ішкі құжаттары орналастырылған. Сайтты құру барысында заманауи технологиялар мен дизайнерлік шешімдер қолданылған. Атқарылған жұмыстар қорытындысы бойынша, сайтқа кіру 2 есе өскен. Яғни, қолданушы сайтта орта есеппен 8 минут отырып, 6,5 бет ашады екен.
«ҚазМұнайГаз» АҚ еліміздегі мұнай-газ саласындағы барлау, табыс, комірсутегін өңдеу және тасымалдаудағы ұлттық оператор болып табылады. Оның 100 % акциясы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі.