«Жылдың екінші жартысында мұнай өндіру жандануы мүмкін. Дегенмен, біз оны әлі де болса нақты айта алмаймыз. Ал мұнайдың қандай көлемде өндірілетіндігі туралы айту тіптен ерте. Наурызда келісімшартқа қол қойылған соң және газ құбырын ауыстыру бойынша инвестициялық шешімді қабылдағаннан кейін ғана өндіру көлемі мен шығындар белгілі болады», - деп атап өтті С. Мыңбаев.
11:24, 04 Наурыз 2014
«ҚазМұнайГаз» ҰК төрағасы Қашағаннан мұнай өндіру қашан басталатынын айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қашағаннан мұнай өндіру биылғы жылдың екінші жартысында жандануы мүмкін. Мұндай болжамды бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев айтты.