«ҚазМұнайГаз» ұлттық газ тасымалдау инфрақұрылымын кеңейтуге ауқымды инвестиция бағыттамақ
17:56, 02 Қазан 2012
АСТАНА. 2 қазан. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ ауқымды инвестицияны ұлттық газ тасымалдау инфрақұрылымын кеңейтуге бағыттауды көздеп отыр. Бұл жайында «Kazenergy» VII Еуразиялық форумында аталған компанияның басшысы Ләззат Қиынов мәлім етті.
Бұл тұрғыда «ҚазМұнайГаз» компаниясының басшысы 1,4 мың шақырымға созылатын «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры құрылысының жобасын ескеріп өтті. Бұл жобаны жүзеге асыру арқылы ішкі нарықтағы қажеттілікті қамтамасыз етуге, экономиканың энергетикалық қауіпсіздігін арттыруға, еліміздің батыс өңірінен табиғи газды жеткізуде жаңа экспорттық бағдарды құруға мүмкіндік беретінін еске салды.