Бұл туралы «ҚаМұнайГаз» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
Байқау 2012 жылдың қаңтарынан мамыр айына дейінгі аралықта өткізіледі. «Техникалық және кәсіби білім беру мекемелеріндегі мұнай-газ пәндерінің мұғалімдеріне арналған Сафи Өтебаев атындағы гранттар атты байқауы» - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы және «Kazenergy» қауымдастығының бастамасымен 2009 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді. Ол алғаш рет Қазақстан мұнайының 110 жылдығына арнап ұйымдастырылған болатын.
Биыл ұйымдастырушылар байқауға қатысушылардың құрамын ұлғайтты. Яғни алғаш рет байқауға ақпараттық технология саласының мамандары мен техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінің шеберлері шақырылады. Байқауға қатысу үшін үміткерлерлер мына сілтеме арқылы «Kazenergy» қауымдастығының сайтына тіркелуі қажет: https://kazenergy.com/ru/obrazovatelnaya-programma/-kazenergy.html .
Байқауға қатысушылар ғылыми жетістіктер, оқу құралын пайдалану, әдістемелік нұсқаулар жасап шығаруға қатысу және оқу барысында инновациялық оқу технологияларын пайдалану, оқушылардың ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмыстарын басшылыққа алу, қызықты авторлық идеялар сияқты талаптар бойынша бағаланады.