Осы мәміле нәтижесінде ҚМГ Н жобасындағы жер қойнауын пайдалану құқығының 75,5 және «Н Оперейтинг Компани» ЖШС-дағы 75,5 пайызын қатысу үлесін иеленді.
Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, қол қойылған Н жобасы бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес ҚМГ 75,5% қатысу үлесімен және МДК (Ойл & Газ Н Блок Қазақстан) ГмбХ - 24,5% қатысу үлесімен жобаның қатысушысы болды.
ҚМГ-нің Н жобасындағы үлесінің ұлғаюы ұлттық компанияның Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы теңіз геологиялық барлау жобаларындағы рөлінің күшеюі бойынша жоспарлы қадамын көрсетіп отыр.