«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы Өріктау жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізді
Оның жұмысына жергілікті атқарушы және билік органдарының, «ҚазМұнайГаз» ҰК»АҚ-ның, Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ардагерлер және т.б. қатысты, деп хабарлайды ҚазМұнайГаз компаниясының баспасөз қызметі.
Мұнайгазконденсатты Өріктау кен орнының қаржы салымы алдындағы даму бағдарламасының Техникалық-экономикалық негіздемесін «НИИ Геотас» ЖШС және «Гипровостокнефть» ААҚ бірлесіп әзірледі. Жобаның мақсаты - кен игеруге қажетті техникалық-экономикалық ортаға қабілеттілігін және жайластыру, пайдалану үшін қажетті қаржы салымын анықтау болып табылады.
Бұл жұмыста кен орнының физика-геологиялық мінездемесі, қойнауқаттағы флюидтардың физика-химиялық қасиеттерi, жинақтауыш жыныстардың сүзгіштік-сыйымдылық қасиеттері, халыкаралық классификация бойынша қорларды бағалау, газоконденсат шоғыры мен мунай жұрынын игеру жүйесінің әр-түрлі нұсқалары, жайластыру және кенішті игеру мәселелері қарастырылған.
ҚОӘАБ жобасын «АктюбНИГРИ» ЖШС әзірледі. Ұсынылған жобада Өріктау кен орнын пайдалану және жайластыру кезінде оның қоршаған ортаға әсері және оны төмендету бойынша шешімдер қарастырылған.
ЖШС «Өріктау Оперейтинг» барлық жұмыстарды Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңдарына қатаң сәйкестікпен орындайтын болады және қоршаған орта мен әлеуметтік қорғау үшін мүмкіндігінше келеңсіздікке жол бермей орындалады.
Өріктау газоконденсатты кен орнын игеру әлеуметтік жоба болып табылады, сондай-ақ ол Қазақстан Республикасының оңтүстік аймақтарын газбен қамтамасыз етуге арналған «Бейнеу-Бозой-Ақбұлақ» магистральді газ құбыры құрылысының жобасын жүзеге асырудың бір буыны болып табылады.
Осы жобаны жүзеге асыру Қазақстан Республикасының ішкі нарығын қамтамасыз ету үшін көмірсутек шикізатын өндіру көлемін өсіруге мүмкіндік береді.
Өріктау мұнай-газ кен орны 1983 жылы ашылған. Мұнайгазконденсатты кен орынның көмірсутектерінің алғашқы қорлары Мемлекеттік балансқа 1988 жылы қойылған. Еркін газдың, конденсаттың, мұнайдың және еріген газдың алғаш геологиялық қорлары мөлшер бойынша - 39815 млн.м3, 11623мың.т, 6493 мың.т және 2389 млн.м3 сәйкес, олар КСРО Қорларының Мемлекеттік Комитетінде (МТҚ № 10526 хаттамасы, 1988ж.28қазан) бекітілген.
«ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» АҚ - көмірсутектерді барлау, шығару, қайта өндіру және тасымалдау бойынша қазақстандық ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ акцияларының 100 пайызы «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ тиеселі.
«Өріктау Оперейтинг» ЖШС - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ 100 пайыздық еншілес компаниясы болып табылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ атынан тапсырыс бойынша жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүзеге асырады.