«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы және «Semser Security» ЖШС магистральды мұнай құбырларына заңсыз қосылумен күрес шараларын күшейтуде

АСТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат - 24 қарашада Астана қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бірлескен баспасөз орталығында «Semser Security» ЖШС 10 жылдығы ауқымында «Semser Security» ЖШС-інің баспасөз мәслихаты өтті.

Оның басты тақырыптары «Semser Security» ЖШС-нің өткен мерзімдегі қызметінің қорытындысы және даму жоспары болып, сонымен қатар ҚР заңнамасындағы өзгерістерге байланысты ҚМГ ҰК компания топтарының мұнай құбырларын мұнай ұрлау мақсатында заңсыз қосылу жағдайы талқыланды.

«Semser Security» ЖШС 10 жылдан бері өзі күзететін ҚМГ компаниялар тобы объектілеріне қатысты қылмыстың алдын алу және онымен күресу бойынша белсенді де көп жоспарлы жұмыс жүргізуде.

Қазіргі уақытта осы компанияның күшімен 550 астам өндірістік және әкімшілік объектілерде күзету - тәртіптік, өрт сөндіру және басқа шаралар, республика аумағындағы магистральдық мұнай құбырының желілік бөлігінің 7500 шақырымының, газ құбырларының 6100 шақырымының, су құбырларының 2000 шақырымының және электр жүйелердің 11000 шақырымының қауіпсіздігі қамтамасыз етілуде.

Тек қана 2007 -2010 жылдар аралығында «Semser Security» ЖШС өз бетінше және құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, мұнай құбырларына заңсыз қосылу арқылы мұнай ұрлығымен айналысқан 54 қылмыстық топтың қызметі тоқтатылып, 150 адам және 80-нен астам мұнай тасымалдау көлігі ұсталды.

Заңсыз жолдан қосылудің қоғамдық қаупін және мемлекет мүддесіне келтіретін экономикалық зиянның көлемін ескере отырып, қылмыстың осы түрлері бойынша жауапкершілікті күшейту мәселесі заң шығару деңгейінде қолданды.

Ағымдағы жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасының «Мұнай және мұнай өнімдерінің жеке түрлері айналымы саласында жауапкершілікті күшейту жөнінде заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қолданысқа енгізілгені белгілі.

Сөйтіп, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде мұнай және мұнай өнімдерінің пайда болуын растайтын заңды құжаттарсыз оларды тасымалдаған, иеленген, мұнай қабылдау орнына тапсырған, терминалдарда сақтаған, мұнайды өндеумен айналысқан, сонымен қатар мұнай құбырларын қасақана немесе байқаусыз бұзған немесе қиратқаны үшін жауапкершілік күшейтілді...

«Semser Security» ЖШС бас директорының орынбасары Амангелді Құрманғалиев мұнай және мұнай өнімдерінің жеке түрлері айналымы саласында құқық бұзушылық үшін жазаның қолданылмай қалмайтындығын қамтамасыз етуге бағытталған осы түзетулер өзінің тиімділігін көрсететінін, өз кезегінде, оның тиімді жүзеге асырылуына мүдделі барлық тараптар, соның ішінде «Semser Security» ЖШС сол үшін барынша күштерін салатынына сенімді екенін айтты.

Баспасөз маслихатында айтылғандай, заң жобасының бұқаралық ақпарат құралдарында кең көлемде талқылануы, енгізілген түзетулер туралы халықты ақпараттандыру оң нәтижелер беруге тиісті.