«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында кадрлық тағайындаулар болды

None
АСТАНА. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес ұлттық компанияда және оның еншілес ұйымдарында бірқатар тағайындаулар болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарушы директоры болып Ардақ Қасымбек тағайындалды, бұған дейін ол компанияда атқарушы директор қызметін атқарған болатын. «ҚазТрансГаз» АҚ бас директоры (басқарма төрағасы) қызметіне болып Болат Назаров тағайындалды. Бұған дейін ол «ҚазРосГаз» ЖШС бас директоры қызметін атқарып келген болатын. Б.Назаров бірқатар мұнай компанияларында басшылық жұмыстарында қызмет атқарып, Қазақстанның мұнай және газ өнеркәсібін дамытуға елеулі үлес қосты, Қарашығанақ және Солтүстік Каспий жобаларына қатысты. «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (басқарма төрағасы) болып Нұрбол Сұлтан тағайындалды. Ол әр кезде «ҚазМұнайгаз» компаниясында корпоративтік қаржыландыру департаментін басқарды, «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының даму жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.