"Бүгінде Қазнет сенімді ақпараттың көзіне айналғандығын айта кеткен жөн. Ақпаратты іздеу кезінде азаматтар отандық сайттарға көп жүгінеді. Кейбір сайттарға деген сенімділік 80%-ға жеткен, бұл әлем бойынша жақсы көрсеткіш деп саналады", - деді ол.
Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда интернет - телевизиядан соң ақпарат алудың екінші арнасы болып отыр.
"Статистика мәліметтеріне сәйкес, қазіргі уақытта Қазақстанда бар интернет пайдаланушылардың 70%-ы күн сайын интернетке кіріп, ақпарат оқиды, бір-бірімен сөйлеседі", - деді А. Аxметов.