«Kaznex Invest» Ташкентте қазақстандық өнімнің таныстырылымын өткізуде

ШКЕНТ. 5 қазан. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Ташкенттегі «Dedeman» қонақ үйінде Өзбекстанның бизнес-қоғамдастығына қазақстандық өнімнің таныстырылымы өтуде. Бұл іс-шараны ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің экспорт және инвестиция жөніндегі «Kaznex Invest» ұлттық агенттігі ұйымдастыруда.

Іс-шара ресми бөлімнен басталып, «Kaznex Invest» экспорт және инвестиция жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ департаментінің директоры Асқар Арынов, ҚР-дың Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Бөрібай Жексембин және басқа да өкілдер сөз сөйледі.

Қазақстан БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында А.Арыновтың атап өткеніндей, Үдемелі Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында алғаш рет «Kaznex Invest» осы таныстырылмға 20-дан астам өнім өндіруші қазақстандық компанияларды қатыстырды.

Күннің екінші жартысында екіжақты кездесулер мен келісімшарттарға қол қою рәсімі болады.