«ҚазОрман» ағаш өңдеу кәсіпорыны биыл алғашқы тоқсанда 25,7 млн теңгенің өнімін шығарды - Ақмола облысы (ФОТО)
Оның айтуынша, жылдық қуаты 5 мың текше метр ағаш өнімдерін шығаратын зауыт 2014 жылы өндіріс көлемін 8 мың текше метрге ұлғайтқан болатын.
«Біздің зауыт 2009 жылы «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске қосылды. Кәсіпорында қазіргі заманғы технология бойынша еуропалық стандарттарға сай ағаштан үй, терезе жақтаулары мен есіктер тәрізді түрлі құрылыс материалдары шығарылады. Бұл - еліміздегі орман шаруашылығы саласындағы жоғары қарқынмен дамып отырған алғашқы «қарлығаштарының» бірі. «Бизнестің жол картасы-2020» мембағдарламасы шеңберінде кәсіпорынға 280 млн теңге көлемінде субсидия бөлінген.
2014 жылы кәсіпорында жаңғырту жұмыстары қолға алынып, өндіріс көлемін 8 мың текше метрге дейін ұлғайттық. Осының арқасында өндіріс көлемі де артып, 2016 жылдың алғашқы тоқсанында 25,7 миллион теңгенің өнімі шығарылды. Жалпы, бүгінгі күні кәсіпорын өнімдеріне сұраныс жоғары», - дейді кәсіпорын басшысы.