«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Аркен Арыстановтың айтуынша, бұл жаңалық Қазақстанда ілкі жоба болып табылады. «Бiрақ жуықта ұқсас машиналардың желiсiн Астанада, сонымен қатар Қазақстанның өзге қалаларында қою жоспарланған», - деді А.Арыстанов бүгін Астанада Қазақстанның тұңғыш тәулік бойы жұмыс істейтін «Post-24» пошта бөлімінің ашылуында.
Аталмыш құрылғылар Еуропа елдерінде өздерін жақсы қырынан көрсете білді. Олар Қазақстанға Эстониядан, «Клеверон» компаниясымен әкелiнедi. Қазақстан аталмыш постоматтар жүйесiне 2 миллион еуро қаржы шығындаған.
«Бiз тек бiр ғана постомат сатпаймыз, бұл ауқымды жүйе - IT жоба, барлық постоматтар өзара интернетпен байланған, ал ол өз кезегінде үлкен бiртұтас бағдарламамен басқарылады. Алғашқы 20-30 постомат келер жылдың наурыз айында жұмыс істей бастайды. Жоба бастапқы кезеңдерде Астана, Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларын қамтитын болады. Біздің зерттеу бойынша, интернет-сауданың ең үлкен көрсеткіштері дәл осы қалаларда байқалды», - дейді компания өкілі Петер Пелисар.