«Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары М.Жарылқағановтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазпошта» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Басқарма төрағасының орынбасары - басқарма мүшесі Мұрат Өтепбергенұлы Жарылқағановтың өкілеттігі тоқтатылды, деп хабарланған «Қазпошта» АҚ сайтында.

«Мұрат Өтепбергенұлы Жарылқағановтың өкілеттігі өзі берген өтінішінің негізінде 2015 жылғы 16 сәуірден бастап мерзімінен бұрын тоқтатылды», делінген хабарламада. Мұрат Жарылқағанов «Қазпошта» АҚ-ында 2009 жылдың ақпанынан қызмет атқарды. 2009 жылдың мамыр айынан бастап басқарушы директор - бас қаржы директоры қызметінде болды. «Қазпошта» АҚ Директорлар кеңесінің 2009 жылғы 30 мамырдағы шешімімен Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Түрлі жылдарда «Қазақстан темір жолы» РМК, Кәсіпорындарды қайта құру және тарату агенттігінде, Қазақстан Халық банкінде, «Инфрақұрылым» ЕМК қызмет атқарды.