15:19, 20 Наурыз 2009
«Қазпошта» АҚ «Наурыз» сериялы жаңа марканы айналымға шығарды
АЛМАТЫ. Наурыздың 20-ы. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – «Қашпошта» АҚ «Наурыз» сериялы көркем марканы Қазақстан Республикасының аумағына айналымға шығарды. Бүгін Алматыда осыған арналған салтанатты рәсім өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Наурыз тақырыбындағы маркалар сериясы өзінің бастауын 2000 жылдан алады. Маркаларда Наурыз мейрамын тойлауға байланысты көріністер бейнеленген. Ол төрт түспен безендірілген офсеттік тәсілмен басылған. Өлшемі ? 50 х 38 мм, тиражы ? 30 000 дана. Маркалар Бейжің пошталық төлем белгілер фабрикасында басылды. Безендіруші Николай Соколов. Марканың тұсауын «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әбдімомынов кесті. «Бұл марка Наурыз мейрамына орай шығарылып отыр. Осынау қазақстандық марка еліміздің тұрғындары үшін үлкен қуаныш әкеледі деген үміттеміз», - дейді Н. Әбдімомынов.