«Қазпошта» филиалының басқарма бастығы ірі көлемде алаяқтық жасады деп күдіктелуде
12:59, 06 Мамыр 2013
АСТАНА. 6 мамыр. ҚазАқпарат - Ақтөбелік қаржы полицейлері ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен «Қазпошта» АҚ Ақтөбе филиалы әкімшілік басқарма бастығына қатысты қылмыстық іс қозғады.
Басшы әйел 2010-2012 жылдар аралығында Ақтөбе қаласында алдау және сенімге қиянат ету жолымен, өзінің қызметтік міндетіне кірмесе-дағы, арендалық төлемдерді қабылдауды жүзеге асырып келді деп күтіктелуде. Сонымен қатар жеке кәсіпкерлерден жиналған қаражат «Қазпошта» АҚ филиалының кассасына түспеген. Соның салдарынан акционерлік қоғамға 4 млн. теңге көлемінде залал келтірілген.
Қылмыстық іс тергелуде. Өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жарияланбауда.