«Бастапқы кезеңде клиенттер тек қана «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» жетекші ұлттық газеттертеріне жазыла алатын, ал бүгінгі таңда біздің каталогта тоғыз мыңнан астам отандық және шетелдік басылымдар бар», - деп мәлімдеді «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметінің басшысы Байрам Азизов. Өтініш беру барысы қарапайым - www.postmarket.kz сайтында тіркеліп, «газет/журналдарға жазылу» сілтемесіне басқаннан соң, клиент автоматты түрде каталог бетіне өтеді. Қажетті басылымды каталог тізімінде немесе жылдам іздеу жолағында табуға болады. Әрбір газет пен журналдың бағасы сайт бетінде көрсетілген, төлем ақысын банк картасымен іске асырғаннан кейін, барлық қалған шаруаны компания жұмысшылары атқарады.
Қазіргі таңда, оқырмандардың интернет арқылы 1326 республикалық және 7500-ден астам шетелдік басыламдарға жазылу мүмкіншілігі бар.