Қазпошта «KazCard» төлем карталарын шығаруға сертификат алды

None
АЛМАТЫ. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - «Қазпошта» АҚ-ы  халықаралық «Visa» төлем жүйесінің СЕМЕА (Орталық Европа, Таяу Шығыс, Азия)  аймақтық басқарушы комитетінен 50 мың «KazCard» төлем карталарын шығаруға сертификат алды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сертификат Қазақстанның ұлттық пошта операторына «KazCard» төлем карталарын шығаруға мүмкіндік береді.

«KazCard» төлем карталары жақын арада біздің тұтынушыларымыздың қолындағы тұрақты төлем құралына айналатынына сенімдіміз. Өйткені біз арқылы салық, коммуналдық және басқа да төлемдерді жасайтындар, зейнетақы мен әлеуметтік көмек алатын тұрғындар осы картаны пайдаланатын болады» дейді «Қазпошта»АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ерсерік Сиырбаев.