«Қазпошта» Қызылорда облыстық филиалының директоры тағайындалды
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - «Қазпошта» акционерлік қоғамы төрағасының бұйрығымен «Қазпошта» Қызылорда облыстық филиалының директоры болып Айзат Ізтілеуова тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Айзат Ізтілеуова 1972 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясында экономист мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын 1995 жылы жылу-электр орталығында бухгалтер ретінде бастаған.
Әр жылдары жеке серіктестіктерде, «Қазпошта», «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамдарында жауапты қызметтер атқарған.
2018 жылдан осы күнге дейін «Қазпошта» АҚ Қызылорда облыстық филиалы директорының орынбасары қызметінде болған.
Бұған дейін «Қазпошта» филиалын басқарған Ғалымжан Кенжебаев Ұлытау облысына дәл осы қызметке ауысты.
Бұған дейін біз Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып Еркебай Ғалымжан Бақтығалиұлы тағайындалғанын жазғанбыз.