Енді компанияның клиентіне бланктерді өзі толтыру қажет емес - ол операторға өзінің жеке куәлігін ұсынып, байланысу үшін телефон нөмірін айтса жеткілікті. Сондай-ақ, бағдарламаға ақпаратты енгізу сәлем-сауқаттағы жазылған мекенжай мәліметтерімен іске асырылады.
Осылайша, тіркелетін пошталық жөнелтілімдерін қабылдау жіберушінің жеке куәлі арқылы («Пошталық қызмет көрсету ережелері», 59-бап) ғана іске асырылады. «Аталған талап пошталық жөнелтілімдерде тыйым салынған заттарды (синтетикалық есірткі және оларға ұқсастары) жөнелтуді болдырмау мақсатымен өтікізіліп отырған шараларды күшейту үшін міндетті. Сондай-ақ, бұл талап компанияға клиентке қызмет көрсету уақытын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді. Пошта байланысы бөлімшелерінде қызметіне қайта жүгіну кезінде жіберушіге түрлі бланктерді толтыру қажет етілмейді, өйткені базасында клиенттің жеке басын куәландыратын барлық мәліметтері бар оператор оған сүйеніп, жаңадан жасай алады», - деп берді түсініктемесін «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметінің басшысы Байрам Әзизов.